Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Ернар Есіркеповтің төрағалығымен алқалы жиын өтті. Аты аталған жиынға әкім орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты. Сондай-ақ, аталмыш жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Ербол Абақұлы Әбутәліпов те қатысып отырды.
Жиынның күн тәртібінде ең өзекті деген тақырыптар қозғалды. Соның бірі – Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық. Әр жыл сайын аздап өзгеріске ұшырайтын бұл сынамаға биыл да бірнеше жаңашылдықтар енгізіліп отыр. Тегін әрі ақылы негізде тестілеуді тапсыруға мүмкіндігі бар талапкерлер биыл «Информатика» пәнінен де тест тапсырады. Аталмыш пән ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне енгізіліп отыр. Жалпы ҰБТ-ның тестілеу форматында ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер жоқ. Пәндер саны – бесеу. Оның үшеуі міндетті болса, екеуі бейіндік. Айта кететін жайт, кейбір пәндердің тест тапсырмалары санында өзгерістер бар. Ең жоғары ұпай 140 болса, тестілеудің жалпы уақыты 4 сағатты құрайды.

Жыл қорытындысына нүкте қоятын тестілеуге аудан көлемінде оқитын оқушылар тыңғылықты дайындалуда. Ол үшін бүгінде жүйелі жоспарлар түзіліп, мектеп мұғалімдеріне әрі басшыларына нақты тапсырмалар жүктелген. Бұл туралы жиында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Мамытжанұлы мәлімдеп берді. Сондай-ақ, әкім орынбасары 2021-2022 жылдары шекті баллдан әрі аса алмаған оқушылары бар мектептерді жеке-жеке атап өтіп, мектеп директорларына берілген тапсырмалар мен кемшіліктерді жою бойынша атқарылған жұмыстарды тізбектеді. Сонымен қатар, «шебер» біліктілік санатын иемденген мұғалімдердің аздығы, оқушылардың қауіпсіздігі, жазғы демалыстың ұтымды ұйымдастырылуы, жастар арасындағы қылмысты бәсеңдету тұрғысында оябы бөлек баяндама жасады.
– Алдымызда жаз мезгілі келе жатыр. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру – ортақ міндетіміз. Сондықтан да мен ауылдық округ әкімдерін өз аумақтарында орналасқан сақалды құрылыс нысандарын қоршауға я болмаса көзін жоюға, аталмыш аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырамын. Бұл іске ауылдық округтердің учаскелік инспекторлары да үн қосқаны абзал, – деп қос сала мамандарын ортақ іске ойысуға шақырды. Содан соң өзі басшылық ететін салаларға тоқтап, тұралап тұрған тірліктерді қайта жандандырып, аталған мәселелерді назарға алуды өтінді.
– Біріншіден, ақпараттық тақталарға ілінген баннерлерді дер кезінде ауыстыру керек. Бұрындары бұл іспен аудан әкімдігіне қарасты ішкі саясат бөлімі айналысатын. Қазір ол ауылдық округтердің әкімдеріне жүктелген. Шынын айту керек, аталмыш бағыттағы жұмыстар сылбыр. Әкімдердің баяу әрекет етуінің салдарынан көрнекі материалдар мереке күндерінен кешігіп ілініп жатады. Екіншіден, біз Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын және облыс әкімі бекітіп берген «Алтын сағат» Қағидасын өз деңгейінде орындауымыз қажет. Яғни, БАҚ беттеріне және интернет-ресурстарға шыққан сыни материалдарға жауапты әкімдер мен бөлім басшылары шұғыл түрде сапалы әрі нақты жауап беруі керек. Үшіншіден, аудан аумағында орналасқан мешіттердің құжаттарын реттеуіміз керек. Ат спортына қажетті алаңдардың да жағдайы дәл осындай. Қазіргі таңда аудан орталығындағы атшабардың ғана нақты құжаты бар, – деп «Жастар ресурстық орталығына» берілген ғимаратты ауыстыру, медиа орталыққа қажетті құрал-жабдықтарды алуға қаражат бөлу, Қорағаты, Ақниет, Көгершін, Ақыртөбе ауылдық округтерінде жастарды әскерге аттандыру жұмыстарын жандандыру керектігін айтты.
Баяндамадан кейін аудан басшысы Ернар Серікәліұлы әлеуметтік салаға қатысы бар бөлімдердің басшыларынан жауап алып, нақты тапсырмалар жүктеді.
– ҰБТ-ға дайындықты күшейту керек. Оған әлі де уақыт бар. Сондай-ақ, келер жылы бастауыш сыныптарына ыстық тамақ беріледі. Сондықтан мектептердің асханаларын ретке келтіру жұмыстарын жаз бойы ойластырғанымыз абзал. Осы орайда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау мамандарын көптеп тартуымыз керек. Шыны керек, соңғы кездері полиция қызметкерлеріне көңіліміз толмай келеді. Қазір беймезгіл уақытта ата-ананың рұқсатынсыз жүрген балалар көп. Сондай-ақ, жүгенсіз жүргізушілерді де орталық емес, ішкі көшелерден көп байқауға болады. Осы олқылықтарды дереу реттеңіздер, – деп демалыс маусымында арнайы рейдтер ұйымдастыру, шомылу аумақтарында түсіндіру жұмыстарын көптеп жүргізу керектігін айтып, білім, құқық, денсаулық, төтенше жағдай сынды бірқатар бөлімдердің басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов те есеп берді. Ерғазы Жұмабекұлы ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеп, агросалада орын алып жатқан өзгерістерді баяндады. Сонымен қатар, межеленген жоспарды орындай алмай отырған ауылдық округтердің әкімдерін атап отырып, жұмысты өзгеше жандандыру керектігін айтты. Аудан әкімі тарапынан ауылдық округ әкімдеріне малды қолдан ұрықтандыру және асылдандыру, қаңғыбас иттерді аулау, мақсары, қант қызылшасы алқаптарының көлемін ұлғайту бағытындағы жұмыстарды тоқтатпай, дұрыс ұйымдастыру қажет екені айтылды.
Күн тәртібінде өзге де өзекті мәселелер қаралып, бірқатар ұсыныстар енгізілді. Аудан басшысы жиында айтылған сын-ескертпелер назарға алынатынын, жұмысты үйлестіре алмаған басшыларға нақты тәртіптік іс-шаралар қабылданатынын ескертті.
Жәнібек СҰЛТАН.