Көгершін ауылдық округі әкімінің лауазымына кандидат болып тіркелген Иманқұлов Бақдәулет Азаматұлының өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

129 Views

Өмірбаяны
Иманқұлов Бақдәулет Азаматұлы 1982 жылдың 29 қазанында Абай ауылында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Ю.Гагарин негізгі мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2008 жылы әскери қызметте жұмыс жасаған. Яғни, №42062 әскери бөлімшесінде келісім-шартпен қатардағы нысана көздеуші болып қызмет істеген. 2013 жылы Құлан ауылдық округі әкімі аппаратында іс жүргізуші, 2014 жылдан Құлан ауылдық округі әкімі аппаратында әскери есеп маманы, 2017 жылдан бастап осы күнге дейін Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып еңбек етіп келеді. Отбасылы. 2 қыз бен 1 ұлдың әкесі.
Сайлауалды
бағдарламасы
Мен,Иманқұлов Бақдәулет Азаматұлы Көгершін ауылдық округінің әкімі ретінде сайланатын болсам, мына мәселелерге назар аударатын боламын.
Ауылдағы талантты жастардың еңбектері бағаланатындай жұмыс орындарын ашуға жұмыс жасаймын.
Ауылдағы кәсіп­керлерге мем­лекеттен беріліп жатқан қолдауларды алу үшін қаржылық сауаттылықты ашатын жұмыстар жүргізетін боламын.
Спортты серік еткен жас өрендерге демеушілер тауып, олардың жарысқа қатысуына үлес қосамын.
Халықтың әл-ауқатын арттыратын, тұрмыс жағдайын көтеретін, өз кәсібін ашқысы келіп жүрген жастарға қолдау көрсетемін.
Ауылда салынып жатқан 90 орындық мәдениет үйінде өнерге талабы бар оқушылардың білімін жетілдіріп, шығармашылық потенциалын арттыруға қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасаймын.
Халықтың спорт­тық инфра­құрылыммен қамтамасыз етілуіне ықпал етемін.
Ауылдағы жастарды жұмыспен қамту мәселесіне көңіл аударамын. Көгершін ауылдық округінің жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ, қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған іс-шараларды іске асыруға қолдау көрсететін боламын.
Білім, спорт және денсаулық сақтау саласындағы сапалы қызметтерге қол- жетімділікті қамтамасыз ету үшін ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш саламын.

Поделиться ссылкой: