Кезекті аппараттық кеңес өтті
21 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
Өмірбаяны
Бейсов Нұрлан Советұлы 1984 жылдың 15 наурызында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. 2006-2007 жылдары «Ақыртөбе ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуші, 2008 жылы Ақыртөбе орта мектебінде есепші, 2008-2010 жылдары Ақыртөбе ауылындағы «Болашақ» балалар бақшасында есепші болып қызмет атқарған.
2010-2011 жылдары Ақыртөбе ауылындағы №18 кәсіптік лицейде шаруашылық меңгеруші, өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары Жамбыл облыстық соты кеңсесінде санақшы, 2013 жылдан бастап, Тараз қаласындағы №85395 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарған. 2017-2020 жылдары Тереңөзек ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, 2020 жылдың 16 шілдесінен бастап, осы күнге дейін Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып еңбек етіп келеді.
Сайлауалды
бағдарламасы
Мен, Бейсов Нұрлан Советұлы Көгершін ауылдық округі әкімінің лауазымына өткен жағдайда, осы кезеңге дейінгі алған жұмыс тәжірибемді, өмірде көріп білгенімді халықтың тұрмыс тіршілігін ілгерілетуге, ауылдың экономикалық-әлеуметтік жағдайын арттыруға жұмсаймын.
Ауылдағы ауылшаруашылық саласындағы жұмыс жасап жүрген шаруалардың жұмыстарының алға басуына, шаруашылықты дамытуға және шаруалардың жұмыстарын жақсарту үшін жаңа техникаларды алу бойынша жұмыстар жүргізуге атсалысамын.
Ауылда жаңадан кәсіп бастап жүрген жандарға кәсіпкерлікті дамыту бойынша елімізде беріліп жатқан жеңілдетілген пайызы төмен несиелерді алуға көмектесемін.
Ауылда салынып жатқан мәдениет үйінде талантты жастарымыздың білім алып, үлкен жарыстарға қатысуына қолдау көрсететін шараларды жүргізетін боламын. Ауылдың спортпен шұғылданатын жастарының санын арттыруға және олармен жұмыс жасайтын мамандардың кәсіби деңгейін жоғарылату үшін үлкен қалаларға оқуға, біліктілігін шыңдауға көмектесетін боламын. Ауылдың қабілетті жастарына қолдау көрсете отырып, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жағдай жасап, мәдени шараларды уақтылы өткізіп, жаңа технологиялық үрдісте өтілуін жүйелі жоспарға енгізе отырып жұмыстар жасаймын.
Заман талабы өзгеріп, көшіміз түзелетін шақта, округ әкімі болып сайлансам осы жұмыстарды атқаруға тырысатын боламын.