Әскери қызмет – жауапты міндет

266 Views

Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери инженерлік институты жоғары әскери кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды ұлдар және қыздар арасынан дайындап шығармақ.
Әскери жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушылар, ұшу нұсқау, инженерлік-техникалық құрамдардағы жоғары білікті мамандардан құралған ұжым жұмыс жасайды. Білім ошағында курсанттарға барлық жағдай жасалған. Заманауи оқу-материалдық база, әртүрлі техникалық оқыту құралдары бар.
Институт басшылығы курсант­тардың мәдени деңгейін де назардан тыс қалдырмайды. Курсанттардың алаңсыз оқып, сапалы білім алулары үшін институтта жақсы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасалған.
Талапкер­лердің білім көрсет­кіштерімен қатар физикалық күш-қуаты мығым, психологиялық-моральдық тұрғыдан ұстамды, өзіне сенімді, жігерлі, әлеуеті жоғары болуына ерекше мән беріледі.
Талапкерлер әскери жоғары оқу орнына қабылдану үшін бірнеше деңгейден тұратын сынақтардан өтуі тиіс. Атап айтар болсақ: психологиялық тест, дене тәрбиесі бойынша белгіленген нормативтер тапсыру, медициналық тексеруден өту, ең соңында арнайы құрылған мандаттық комиссия мүшелерімен сұхбаттасу тәрізді сынақтардан өтеді. ҰБТ қорытындысы бойынша өту ұпайы – 50 балл. Осындай сынақтардан сүрінбей өткен талапкерлер әскери оқу орынның курсанттары болып қабылданады. ӘЖОО-ның оқу мерзімі — бес жыл. Оқу орнын бітірген түлектерге «лейтенант» әскери шені беріледі.
Құрлық әскерлерінің Әскери институтында,Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында, Кадет корпусында білім алуға шақырамыз!

Толық мәліметті Т.Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен біле аласыздар. Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 126. Тел: 2-13-53.

Поделиться ссылкой: