Дау медиация тәртібімен шешілді
Алимент өндіру дауы бойынша талап қоюшы Г. сотқа берген талап арызында жауапкер М-ның. өз бетінше материалдық көмек көрсетпегендіктен, баласы 3 жасқа толғанға дейін өзінің пайдасына алимент өндіруді сұраған.
Сот талқылауы барысында екі тарапқа татуласуға құқылы екендіктері және дауды татуласу рәсімдерімен шешудің мүмкіндіктері түсіндірілді. Тараптар билер кеңесінің қатысуымен өтетін медиация тәртібін қолдану ұсынысын таңдады. Медиация Тұрар Рысқұлов аудандық билер кеңесінің мүшесі – би медиаторы С.Өтегеновтің қатысуымен жүргізілді.
Аталған рәсім оң нәтижесін беріп, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.
Медиация келісімі бойынша жауапкер М. талап қоюшының пайдасына ортақ балалары 3 жасқа толғанша ай сайын 20 000 теңге алимент төлеп беруге міндеттеме алды.
Соттың ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды.
«Құлан таңы» ақпарат.