Бағыт-бағдар берілді

156 Views

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан болар, бүгінде мемлекет тарапынан аталмыш буын өкілдеріне ауыз толтырып айтарлықтай көңіл бөлінуде.
Сәрсенбі күні аудан жастары «Достық» үйінде бас қосты. Аудан аумағында жастар саясатын ілгерілету бағытында өткен ілкімді іс-шараның ұйымдастырылуына аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ұйытқы болды. Сондай-ақ, аты аталған кездесуге аудан әкімдігінің «Жұмыспен қамту» орталығының, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының, аудандық білім бөлімінің, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің, аудандық орталық аурухананың, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің, «Құлан» адалдық алаңының өкілдері келіп қатысып, жастарға жан-жақты кеңес берді.
Шара барысында оқуға түсу, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыспен қамту мәселелері қаралып, жастарға аталмыш бағыттар бойынша ақпараттар берілді.

Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: