Медициналық қалдықтар дегеніміз не?

840 Views

Медициналық қалдықтар дегеніміз — бұл медициналық ұйымдарда емдеу-алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында пайда болатын қалдықтар. Оған науқастарға (жұқпалы аурумен ауырған науқастарға) күтім жасайтын заттар, таңғыштар, мақта түйірлері, шприцтер, инелер, дәрі дәрмектердің қалдықтары, органикалық операциялық қалдықтар, ағзалар, дене тіндері және қан, зәр, сілекей қалдықтары жатады. Медициналық қалдықтар жұқпалы және жұқтырылуы ықтимал болып бөлінеді. Олардың барлығы ықтимал қауіп төндіреді. Мысалы иньекциялық шприцтер мен инелер залалсыздандырылмаған болса , дұрыс кәдеге жаратылмаған (жануға бейім емес ), дұрыс жойылмау нәтижесінде бүкіл әлемде миллиондаған адамдар қауіпті ауруларды жұқтыруы мүмкін. Ал емдеу –алдын алу ұйымдарында медициналық қалдықтардың құрамында инфекция қоздырғыштары болуы мүмкін.
Медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға және сақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау басқармасының назарында. Бүгінде басқарма бақылауында Т.Рысқұлов ауданы бойынша 75 емдеу-алдын алу ұйымдары бар. Аудан бойынша емдеу –алдын алу ұйымдарының медициналық қалдықтары арнайы қалдықтарды жоюға арналған жабдықтары бар, мамандандырылған ұйыммен келісім шарттар негізінде тасымалданып, жойылады. Медициналық ұйымдардың әрбір құрылымдық бөлімшесінде медициналық қалдықтармен жұмыс істеу схемасы әзірленіп, медициналық қалдықтарды жинау және уақытша сақтау орнына жауапты тұлғалар бекітілген. Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластик сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер пайдаланылады. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластик сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылады. Егер Сіз медициналық қалдықтарды жинауға, жоюға қойылатын талаптарды бұза отырып, оларды абайсызда қолдансаңыз, онда инфекция мен кез-келген аурулардың қаупі артады, адам инфекцияны жұқтырып, ауруды тарата отырып, айналасындағы адамдарға қауіп төндіреді..
Залалсыздандырылмаған қалдықтар полигондарға, қоқыс тастайтын жерлерге, контейнер алаңдарына ашық түрде тасталған жағдайда қауіп төндіретінін ұмытпайық!!

С.УСКЕНБАЕВ,
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.

К.НҰРБАЕВА,
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы.

Поделиться ссылкой: