Әр ғибадаттың өз талаптары мен пайдалары бар

167 Views

Құран Кәрімде пенделер намаз оқу­ға бұйы­рыла келе: «Намаз­ға тұрың­дар», «Намаз арсыздық пен жаман істерден қайтарады», делін­ген. Демек, намаздың пенде үшін ең үл­кен пай­даларының бірі намаз оқушыны ар­сыздықтан, түрлі жаман істерден қай­таруын­да деп түсінеміз. Осы жер­де бір сұрақ туындайды: «Не үшін кейбір адамдар намаз оқып жүр­се де жаман істерден тыйылмайды?» Мәселе мынада, аятта намазды оқу деп келгенімен, бұл жерде намазды шына­йы намаз деп түсінуіміз керек. Нама­зын шынайы ықыласпен оқы­ған пен­­­дені ғана намазы түрлі жаман істер­­ден тияды. Шынайы деген­­ді «кемшіліксіз», «нұқсансыз», «өте жо­­ғары ықыласпен орындау» деп түсін­уіміз керек. Міне, сондай кезде ғана намаз өз иесін жамандықтан, арсыз­­дықтан қайтара алады. Бекерден бе­кер намаз күніне бес рет парыз етілмеген. Мысалы, бесін намазын оқып шыққан адам артынша дереу күнә істерге кірісіп кетпейді, өйт­кені артынша-ақ намаздігердің уақыты таяп қалады. Құптаннан кейін тыны­ғып, ұйықтайтын уақыт болады. Егер түні ұзақ болса, тәһәжуд намазы тағы бар. Сөйтіп жүріп таң намазы да кіріп келеді. Байқайсыз ба, міне осын­­дай намаздар легі өз иесін жа­ман амал­дардан қайтарады. Өйт­кені намаз оқушы – адамның ар-ожданы, намаз иесін жаман ойларға, түр­лі іс-әрекеттерге еш жібермейді, жол бермейді.
Жалпы адам дінді терең түсі­не бастаған сайын көкейінде түрлі сауал­дар туындай береді. Мысал­ға айтар болсақ, «Намазда (әттахият­тан соң) не үшін өзге пайғам­барларға емес, тек ар­найы Ибраһим ғ.с. пайғам­­барымызға және оның отбасы­на ғана салауаттар (аллаһуммә сәлли, аллаһумма бәрик) жолдаймыз?» деген. Бұл мәселеге қатысты жауап­ты көрнекті ғалым Бәдриддин Ғәйни өзі­нің «Сүнәни Әби Дәудке» жазған шарх кітабында (4/260) былай дейді: «Мұның себебі мына­дай, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) миғ­раж түнін­де барша пайғам­барлар­мен жүздесіп, олардың әр­­қайсы­сы­на сәлем жолдаған еді. Ал енді олар­­дың іші­­нен Мұхаммед пайғам­­барымыз­ға (с.ғ.с.) және оның үмметіне тек Ибраһим ғ.с. пайғамбарымыз ғана жауап сәлемін жолдаған еді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл сәлемнің құрметіне лайықты бір амал болсын деп, өзінің үмметтеріне (яғни біздерге) әрбір намазымыздың соңы­на таман Ибраһимнің ғ.с. өзіне және оның отбасына да қиямет күніне дейін сәлем­дер мен салауаттар айтуымызға әмір етті.
Кейбір деректерде айтылғандай, кезін­­де Ибраһим ғ.с. пайғамбар Қағ­баны салып біткеннен соң Мұхаммедтің (.с.ғ.с.) үмметтері үшін былай деп дұға етті: «Аллаһым, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметінен осы үйге (қағбатуллаға) кімде-кім қажылық жасай­тын болса, оған менен сәлемдер (салауаттар) жет­кізгейсің!». Бұл игі тілекке Он­ың (Ибраһимнің) үмет­тері де әмин деп құптай келе өз игіліктерімен сәлемдер жолдады. Міне, сол себепті біздер (күллі мұсыл­ман қауымы) де олардың осы бір көркем амалдарына жауап ретінде күнделікті әрбір намаз­дарымызда олар­ды (Ибраһим ғ.с. әулетін) тілге тиек етудеміз». Сүнәни Әби Дәуд шархы 4/260/
Ораза амалы да сол секілді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әй, иман кел­тіргендер! Сендерден алдыңғыларға парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді, мүмкін тақуалық танытарсыздар», дейді. (Бақара сүресі, 183 аят). Демек, оразаның ең үлкен мақсаты — тақуалық. Бойымызға тақуа­лық қасиеттерді жинауы­мыз үшін ораза ұстаймыз. Сабыр­лылықты үй­­ренуге бар жігерімізді арнай­мыз. Зекеттің мақсаты — мал-мүлкілерімізді таза­лау. Зекет берудегі көз­деген нәрсеміз дүние-мүліктерімізді әр­түр­лі күмән­дардан, арам істерден тазалау­да. Әрі зекет беру арқылы қолымыз­дағы нығметтерімізге берекелер дарытамыз.
Ал енді қажылық амалына келер болсақ, оның пайдаларын білуіміз үшін қажылыққа барып келгеніміз өте пайдалы. Олай дейтініміз, адам қажылық­қа барып, бұл ғибадаттың қасиеттерін өз көзімен көр­­мейін­ше, оның толық мағыналарына көз жеткізе алмауы бек мүмкін, яғни көз ал­дымызда бейнелеп, сезіне де ала алмаймыз. Намазды болсын, мейлі Құранды болсын, бастар алдын­дағы ең әуелгі «Әғузу билләһи минәш Шәй­танир-ражим» деп айтуымыз­дың өзі неге тұрарлық десеңізші?!
Бұл арқылы Шайтан­­­ның жаман­дығынан аулақ болу үшін Алладан пана тілейміз. Шайтан демекші, Ібіліс Шайтан­ның ғибадат кезін­де пендеге жасай­тын айла-қулығы екі түрмен болады: Бірінші қулығы сол екен, адам­ды ғибадат ар­қылы тәкәппарлық пен мақтаншақтыққа әуес қылады. Адам­ның көкірегіне «Мен кереметтей өте тақуалы жан болдым», «Өзгелерге қараған­­да, мен Алла Тағалаға көбірек ғиба­дат жасадым», деген сияқты сөз­дер арқылы пендені өзімшілдікке қарай сүйрелейді.
Екінші қулығы сол екен, Адам­ның жүрегіне шайтан: «Сен осы бір құлшылықты орындағаннан не таптың?, Намаз деп бүкіл өмірің өтті, көп уақытың осымен кетті, кейде қаза етіп аласың, қаза қылғанша оқыма­ғаның абзал еді, дін ойын­шық емес», деген сияқты азғыру сөздері арқылы үмітсіздік отын тұтатады.» Егер санамызға осындай ойлардың ұш­қын­дары пайда бола бастағанын сезіне бастасақ, мұның емін тек ғана истиғфар айту арқылы ғана тауып, дереу тәубе ете аламыз. Истиғфар сөзі ғана шайтанды әлсіз кейіпкерге ай­нал­дырады екен. Әбу Бәкір р.ғ. сахаба: «Ғибадаттағы кемшіліктеріңіз (жаман ой пайда бола бастаса) үшін Раб­быңызға истиғфар айтыңыздар» -, деген.
Міне құрметті оқыр­ман! Өз­деріңіз байқап отырғандарыңыз­дай, жалпы бұл өмірге келуімізде үл­кен мақсаттарымыз болғанын­дай, ғибадат жасауларымызды (намаз оқу, дұғалар ету) жасауда да өзіндік үлкен мәні бар, мақсат-мүдделері мен талаптары бар.

Үмбет Сабырханов,
«Әл-Хақ» мешітінің имамы.

Поделиться ссылкой: