Мемлекеттік тіл — рухани байлық

177 Views

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды.Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Әлем таныған ел болу үшін рухани байлығымыз – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз.
Қазіргі таңда аудандық сотта мемлекеттік тілге тиісті түрде көңіл бөлініп, іс жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.
Қорыта айтқанда, қазақ тіліміздің өркендеуіне әр азамат өзінің үлесін қосса екен деймін.

С.Узбеков,
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы.

Поделиться ссылкой: