Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Elicense.kz порталында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі автоматтандырылды.
Сертификат алуға өтініш беру үшін не қажет:
– Сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
– Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
– Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі;
– Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
– Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында білім алған туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
– Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта білім туралы дипломның электрондық көшірмесі.
Маман сертификатын алу үшін пайдаланушы elicense.kz порталында электрондық өтінішті толтырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.
Аталмыш қызметті жеке тұлғалар тегін ала алады.
Тұрар Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.