Бұлақ көрсең, көзін аш!

331 Views

Адамзатқа керек қажеттіліктің бірі – су. Тіршілік көзі саналатын табиғат бөлшегінің маңыздылығы уақыт өткен сайын артып келеді. Соңғы жылдары су көлемін ұлғайту әрі көбейту мақсатында көптеген бастамалар қолға алынуда. Соның бірі – «Бұлақ көрсең, көзін аш» жобасы. Айта кетейік, жуырда аталмыш жоба аудан әкімі Ернар Есіркеповтің бастамасымен қолға алынған болатын.

Өткен сенбіде «Бұлақ көрсең, көзін аш» жобасы кезекті рет ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Ернар Есіркеповтің өзі де қатысты. Сондай-ақ, аталмыш акцияға аудан басшысының ауыл шаруашылық саласы бойынша орынбасары Ерғазы Еспенов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық мәслихаттың депутаттары Мұратжан Мейманханов, Тұрсынбек Досаев, Ертіс Тұғылшиев және Серік Айтбаев қолдау білдіріп, өткен сенбіде «Шөңгер» тауының етегіне барды.
Одан бөлек, бұл акцияға аудан әкімдігінің, «Құлан Энерго Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Әбіләшім Мырқасымов бастаған жалынды жастар да атсалысып, бітеліп қалған бұлақтардың көзін ашты. Оған сол – сенбі күні өзіміз де куә болып қайттық.
Жалпы тазалық іс-шарасына 15 ауылдық округтен 200-ге жуық тұрғын қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды. Акция аясында аудан аумағында орналасқан тау бөктерінің, каналдардың, сондай-ақ, елді мекен ішіндегі бұлақтар, арықтар мен атыздар тазартылды.
М.Аятберген.

Поделиться ссылкой: