Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. Мемлекеттік қызметте қағаз бастылықтан арыла алмай келе жатқанымыз рас. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап жоғары. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» , «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары жеке кабинет-«электрондық үкіметтің»- веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті; электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын,оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен egov.kz сайты арқылы қажетті анықтамалар мен қызмет түрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік бар екендігін ескере отырып, барлық ауыл тұрғындарын ақпараттық технология мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалануға шақырамыз.
Қазіргі уақытта Құмарық ауылы кітапхана бөлмесіне «Цифрландырылған орталық» арқылы қажетті мемлекеттік қызметті алуға кеңес береміз.
Құмарық ауылдық округі әкімінің аппараты.