АДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ
30 ViewsАДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ Адамды құрметтеу оның лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе қоғамдағы орнына байланысты болмауы керек. Әрбір адамның өзіне тән қадір-қасиеті, ар-намысы…
1. Осы Электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің тәртібін және пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру мерзімін айқындайды.
2. Пилоттық жобаның мақсаты – салықтық әкімшілендіруде клиентке бағдарланған тәсілді қалыптастыру;
– арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің қателіктерін болдырмау және салық міндеттемелерінің орындауын оңайлату;
– салық кезеңі ішінде салық жүктемесін біркелкі бөлу болып табылады.
3. Пилоттық жоба 2023 жылғы 1 шілдеден бастап, 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Пилоттық жобаға қатысу ерікті болып табылады.
Т.Рысқұлов аудандық мемлекеттік
кірістер басқармасы.