«Ауыл аманаты» жобасы: Көгершін мен Көкдөнен ауылдық округтерінде жүзеге асырылуда

254 Views

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша Көгершін және Көкдөнен ауылдық округтерінің тұрғындары 2,5 пайызбен несие алып, табыстарын арттыруды бастап кетті.
Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аталмыш тақырып жөнінде аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Темірғали Биғазиев, сондай-ақ, қос ауылдық округтің әкімдері қатысты. Жиында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың іске асырылу барысы баяндалып, талқыланды.
Жалпы Абай ауылдық округінде жобаның жүзеге асырылу барысында 5 бағыт бойынша 755,2 млн.теңге бөлініп, 321 МІҚ, 405 жылқы, 7555 ұсақ мал, сондай-ақ, 6 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аталған округтерде қажетті құжаттарын жинау барысында ауыл азаматтарын әуре-сарсаңға салмай, тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, көмектесіп отыратын арнайы бір маман бекітуді әрі өздерінің тың идеялары бар ауылдағы жастарды «Ауыл аманаты» жобасына көптеп тартуды тапсырды.
«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: