Абайдың нақыл сөздері
Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды таза сақта.
Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.
Жақсы дос білген сырын сыртқа жаймас.
«Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.
Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.
Арлану – ақылдының ісі.
Әйтеуiр анадан тәуiрмiн ғой деме. Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жаман болады-дағы.
Есебі жоқ ант ішпе.
Бір қылығың жағып күнде – жақсы болмайсың.
Пендеде бiр iс бар — жалығу деген. Ол — тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны өзi тапқан емес. Оған егер бiр iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.
Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.
Кей адам бүгiн тату, ертең қату,
Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.
Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.
Ненiң қызығын көп iздесең, соның азабын бiр тартарсың.
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда?
Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманды жаман күйлемек,
Замана оны илемек.