Ұлттың жады – шежіре
Жақында Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Ұлттың жады-шежіре» тақырыбында ұлттық құндылықтарға негізделген аудандық іс-шара өтті.
Іс-шараға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов және аталған кеңестің мүшелері қатысты.Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов пен мектеп директоры С.Рахымбекова алғы сөз сөйлеп, іс-шараға сәттілік тіледі.Іс-шара барысында мектеп оқушыларына тарих пәнінің мұғалімі Г.Асан «Ұлттың жады – шежіре» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Исаева мектеп оқушыларымен Мұхтар Шахановтың «Арман» поэмасынан сахналық қойылым қойып, келген қонақтардың ерекше ықыласына бөленді. Сахналық қойылымға қатысқан оқушылар Алихан Аманжол, Санжар Садыхан, Бегайым Әміре, Асылай Дүзелбай, Нұрәлі Сатылған. Іс-шара барысында келген қонақтарға сөз беріліп, шежіре туралы баянды да мәнді әңгіме айтылды. Іс-шарада мектептің «Жас бишілер» тобы және әншілері өнер көрсетті. Шақырылған қонақтардан «Қонақ кәде» сұралып, қатысқан қонақтар өнерлерін ортаға салды.Іс-шараны ұйымдастыруға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Әкейбеков өз үлесін қосты.
Бақыт Мырзалиева,
аудандық аналар кеңесінің мүшесі.
