Келелі жиын өтті
23 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Комиссияның отырысы барысында аудан аумағындағы кәсіпорындардағы қызметкерлердің еңбек шартына сәйкес уақтылы жалақы төлеу, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұжымдық шарттың жүзеге асырылуы және жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақыға қарыздарын болдырмау үшін алдын алу шаралары, жұмыс берушілер жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алумен қатар өндірістік жарақат деңгейін төмендету мәселелері қаралды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі, яғни аудан тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жұманқұлова Раушан Көшербекқызы тоқталып өтті.
Баяндама аяқталған соң Ерғазы Еспенов тұрғындар арасында осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.