Бала қауіпсіздігі басты назарда болу керек

140 Views

Өткен сәрсенбіде облыс әкімінің бірінші орынбасары Календеров Нұржан Сәбитұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссияның кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Бұл келелі кездесуге Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының идеологияға жауапты басшылық құрамы мен мектеп директорлары қатысты.

Келелі отырыста бала тәрбиелеу ісіндегі олқылықтар айтылды. Мектепте жұмыс жасайтын психологтардың кәсіби деңгейі турасында да әңгіме қозғалды. Кеңейтілген көшпелі отырыста аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев баяндама жасады. Сондай-ақ, отырыста бала тәрбиелеу ісін тек мектеп мұға­лімдеріне итеріп қоймай, оқу­шы­лардың ата-ана­лары­мен де бірлесіп, жұ­мыс жасау қажеттігі баса айтылды. Оты­рыс соңында Нұржан Сәбитұлы жаңа оқу жылы таяп қалғанын тілге тиек етіп, идеологияға жауапты басшылар мен мектеп директорларына дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды.

М.Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: