Аудандық «Әжелер» ансамблі құрылды

197 Views

Иә, сіз қате естіген жоқсыз. Расымен де солай. Біреулер айтуы мүмкін, «Бұрын да бар еді ғой» деп. Оған жауап дайын. Бар болғаны рас. Бірақ ол ауылдық «Әжелер» әуесқой ансамблі болатын. Қазіргі құрылған аудандық «Әжелер» ансамблі.
Алдағы уақытта жаңадан құрылған «Әжелер» ансамблі мерекелік салтанатты кештерде өнер көрсететін болады. Ансамбльдің құрамында 10 әже бар. Олар тек өнер саласында ғана емес, әртүрлі қызметте еңбек етеді. Көбінесе қазақтың халық әндері мен қазақ халық композиторларының әндерін шырқайды. Әрине – жанды дауыста. Әжелердің есімдерін атай кетсек дейміз осы арада. Ансамбльдің жетекшісі – Ажар Раисова. Талай жылдан бері сахнада өнер көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына кенелген жезтаңдай әнші Гүлмарал Қорабаева ансамбльдің солисі болып бекітілген екен.Гүлмира Алимкулова, Гүлбүбі Кусепова, Гүлназ Искакова, Айнұр Арипова, Роза Серікбаева, Гүлбахрам Лахова, Әтіркүл Стыбаева алдағы уақытта «Әжелер» ансамблінде ән салады. Жаңа сөз басында аудандық «Әжелер» ансамблі халық әндерін орындайды деп айтқанбыз. Ансамбль мүшелері алдағы уақытта репертуар санын көбейтпек ниетте. Әзірге қоржындарында «Ақтамақ», «Әпитөк», «Ауылым – алтын бесігім», «Ой, бұраң бел-ай!» секілді ұлттық нақыштағы есті әндер бар. Енді міне, құрылғанына бір жарым ай болған «Әжелер» ансамблі ұлттық мейрамдарда ғана емес, даталы мерекелерде де өнер көрсететін болады.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: