23 маусым – Қазақстан полициясы күні
41 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Бұл туралы аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова айтты. Майра Айдарбекқызының айтуынша, жаңа 2023-2024 жылғы оқу жылында мектепке жалпы саны 14550 оқушы қамтылады деп күтілуде. Ал, 1-ші сыныпқа, яғни мектеп табалдырығын 1470 бала аттағалы отыр.
Сондай-ақ, аппараттық кеңесте аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 7 айда атқарған жұмыстары талқыланды. Жиын соңында Ернар Серікәліұлы тиісті сала басшыларына қатаң талаптар қойып, белгіленген міндеттерді мерзімінде әрі сапалы іске асыру керектігін айтты.
«Құлан таңы» ақпарат.