23 маусым – Қазақстан полициясы күні
45 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Кеше аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің ғимаратында аудандық прокуратура, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен аудандық «Мансап» орталығы филиалының мамандары бірлесіп, бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеге бас-аяғы 32 жұмыс берушіден 53 тұрақты жұмыс орны ұсынылды. Атап айтар болсақ, «Жастар практикасы» жобасына – 27, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 9, «Күміс жас» жобасына 18 орын ұсынылса, қысқа мерзімді курсқа 10 орын белгіленді.
Жәрмеңке нәтижесі бойынша 18 азамат тұрақты жұмысқа жолданды. Ал «Жастар практикасы» бойынша – 17 азамат, «Ұрпақтар келісім шарт» жобасына – 2 азамат, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3 азамат жұмысқа орналасты.
«Құлан таңы» ақпарат.