Жастарды жұмысқа шақырамыз!

166 Views

«Жамбыл облысы әкімдігінің жұ­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масының Еңбек мобильдігі орталығы» комму­налдық мемлекеттік мекемесінің Т.Рысқұлов аудандық «Мансап» орталы­ғына жоғары және арнаулы орта оқу бітір­ген жас түлектерді жұмысқа шақыра­мыз.
Бағдарламаға қатысу үшін техни­калық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша беру ұйым­дарының жұмыссыз түлектері мең­герген кәсібі (мамандығы) бойынша бастап­қы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақ­сатында жүзеге асырады.
«Жастар практикасына» қатысу үшін жасы 35 жастан аспауы тиіс. Оқу бітіргеннен кейін 5 жыл ішінде меңгерген мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі болмауы тиіс.
«Алғашқы жұмыс орны» жоба­сына қатысу үшін жасы 35 жастан аспауы тиіс. Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі болмауы тиіс.
«Ұрпақтар келісім шарты» жобасына қатысу үшін жасы 35 жастан аспауы тиіс. Оқу бітіргеннен кейін 3 жыл ішінде меңгерген мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі болмауы тиіс.
Толық ақпаратты алу үшін 2-24-46, 2-24-27, 2-24-03 телефон нөмірлеріне хабарласып немесе Құлан ауылы, Жібек жолы №61 мекенжайына келіп, біле аласыз.

Э.Қаймасарова,
Т.Рысқұлов аудандық «Мансап» орталығының маманы.

Поделиться ссылкой: