ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
20 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
Enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушілер өз түйіндемесін орналастырған жұмыс іздеушілермен бейне әңгімелесу өткізуге мүмкіндік алды.
Enbek.kz порталында бейне әңгімелесу өткізу үшін жұмыс іздеуші мен жұмыс берушіге қосымша қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ. Бұл функция тегін және жеке кабинетте қолжетімді.
Жұмыс беруші бейне сұхбат өтетін күн мен уақытты белгілеп жұмыс іздеушіге шақыру жібереді. Өз кезегінде жұмыс іздеуші өз электрондық поштасына бейне қоңырауға қосылуға белсенді сілтеме көрсетілген шақыру алады. Егер ол сұхбаттасудың осындай форматына дайын болса, онда тек белгіленген уақытта бейне қоңырауға қосылу жеткілікті.
Бейне сұхбаттан өту үшін үміткер компьютерге камера мен микрофонды қосып, жұмыс берушімен сұхбат кезінде техникалық ақауларды болдырмау үшін интернет байланысының тұрақтылығын тексеріп алғаны жөн.
Enbek.kz порталындағы бейне әңгімелесу форматы жұмыс берушіге уақытты үнемдеуге, егер кандидат жолсапарда болса, көп сатылы іріктеу кезеңінде кездесуді кейінге қалдырмауға, сондай-ақ, бос жұмыс орнын толтыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
«Құлан таңы» ақпарат.