Құмарық ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер А.А.Айдаркуловтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

289 Views

Өмірбаяны

Айдаркулов Асет Алибекович 1988 жылы 30 мамырда Өрнек ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Алғабас орта мектебіне барып, 2006 жылы №5 Жамбыл орта мектебін тәмамдаған.
2007-2009 жылдары Ақпараттану байланыс және технологиялар кол­лед­жінің «Қаржы» мамандығын мең­геріп шықса, 2013-2016 жыл­дар ара­лы­ғында Халықаралық гумани­тарлық техникалық университетінде «Тарих» ма­мандығы бойынша жоғары білім ал­ған.
2016 жылдан бері «Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де бас маман қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Сайлауалды бағдарламасы

Халқымыздың түп тамыры ауыл болған соң, ең бірінші ауыл үшін қызмет жасау – менің азаматтық парызым. «Ауылым – алтын бесігім» – деген қасиетті сөз әрдайым менің жүрегімде.
«Жас келсе – іске» демекші, көлге тамған тамшыдай болса да еліме, мем­лекетіме қызмет жасап, округ тұр­ғындарының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында мен Құмарық ауылдық округі әкімдігіне үміткер ретінде өз кандидатурамды ұсынып отырмын.
Мен Құмарық ауылдық округіне әкім болып сайлансам:
– Тұрғындардың әл-ауқатын және ауылдың әлеуметтік жағ­дайын жақ­­сартуға барлық мемлекеттік бағдар­ламаларды, осы күнге дейін жинаған тәжірибемді және білімімді қосамын;
– Тұрғындардың тұрмысын реттеуге және оларды жұмыспен қам­ту үшін барлық шараларды қолданамын;
– Ауылдық округ­тің экономика­сын дамыту мақсатында жаңа жұмыс орындарын құруға атсалысамын;
– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытын­­­да жұмыс жасап, әлеумет­тік мәсе­ле­лерді үнемі назарда ұстауға тырысамын;
– Аз қамтылған, көпбала­­лы отбасы­лар­ды, мүмкіндігі шектеулі жан­дарды назардан тыс қалдырмай, қам­қорлық көрсетуге бар күшімді саламын;
– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстау, көгалдандыру мен абаттандыру бағытында жұмыс жасау – менің сайлауалды бағдарламамның басты шарттары;
– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын;
– Округ тұрғындарына сапалы меди­циналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын;
– Бәсекеге қабілетті жастарға, өз кәсібін ашқысы келіп жүрген жандарға қолдау көрсетемін.

Поделиться ссылкой: