ТАҒАЙЫНДАУ

171 Views

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №36 бұйрығымен және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының келісімімен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Ерболат Жәдік тағайындалды.

Жәдік Ерболат 1994 жылы 11 қарашада Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Туризм» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің маманы (жастар практикасы бойынша) ретінде бастаған.
2016-2017 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақбұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі консультанты, 2017-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы, 2018-2020 жылдары «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының консультанты болып еңбек етті.
2020-2021 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бойынша инспекторы болып қызмет еткен.
2021-2022 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Ақпараттық талдау және мониторинг» бөлімінің басшысы болса, 2022 жылдың мамырынан бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары болып жұмыс істеген.
Үйленген, 1 қызы бар.

Поделиться ссылкой: