Айбынды жастар – азат елдің тірегі

210 Views

Жақында Т.Рысқұлов аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 12 қыркүйек – Жергілікті әскери басқару органдарының мерекесіне орай «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі!» деген тақырыпта патриоттық Қарулы Күштер қатары­на шақырылу­­шыларды салтанат­­ты түр­де шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара­ға Қорғаныс істері жөніндегі бөлім­нің жеке құрамы, Тәжік-Ауған шекарасының ұрыс-қимылдарының төрағасы Ө.Заурбеков, ауыл округ­терінің әскери есеп мамандары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері мен әскерге шақырылушылардың ата-аналары қатысты.
Т.Рысқұлов аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Б.Әуелбаев аудандағы ер азаматтар арасында әскерге баруға деген ұмтылыс бар екенін, күзгі әскерге шақыру науқаны аясында бүгінгі таңда Т.Рысқұлов ауданынан 100-ге жуық азамат шақырылғанын атап өтті. Ал көктемгі әскерге шақыру қорытындысы бойынша Т.Рысқұлов ауданы жоспарды 9 шақырылушыға асыра орындап, 100-ге жуық азамат мерзімді әскери қызметке жіберілгенін тілге тиек етті.
Аталған іс-шарада көктемгі мерзімді әскери қызметке, әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру іс-шараларын орындауға белсене атсалысқаны үшін және Қорғаныс істері бөлімінің басшысы бірқатар қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
Т.Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Б.Әуелбаев пен Тәжік-Ауған шекарасының ұрыс қимылдарының төрағасы Ө.Заурбеков әскерге аттанып жатқан жігіттерге сәт­тілік тілеп, Отан алдындағы борыш­тарын абыроймен ат­қарып қайтуларына тілектес екендіктерін жеткізді.
Іс-шара соңында аудан­­­дық мәден­иет үйінің өнерпаздары әскерге шақырылу­шыларға арналған концерт­тік бағдарламасын тарту етті.

Толқын Жолдасбекқызы,
аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы.

Поделиться ссылкой: