ОРАЗА ДЕГЕН НЕ?
57 ViewsОРАЗА ДЕГЕН НЕ? Ораза дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсілік қалаулардан тыйылу. Оразада ішіп-жеу және құмарлық сезімдерден сақтану – парыз. Оразаның уақыты –…
«Ақтоған» шаруа қожалығы кластерлік жүйе бойынша астық өндіруді және оны өңдеуді өнеркәсіптік жолға қойған бірден бір шаруашылық. Ақтоған диірмені бидайды ұнға, арпаны жемге тартып қана қоймай ақ бидайдан макарон өнімдерін, балаларға арналған ұнтақ (манный крупа) шығарады. Кластерлік жүйе дәнді дақылдың қатты сорттарын, дәлірек айтқанда, бидайдың қамырланғыштық қасиеті бар тұқымынан макаронның бірнеше түрін дайындайды. Жалпы бидайдың өзінен 28 түрлі өнім шығарылады.
Біз қожалық диқандары биылғы жиын-терінді ойдағыдай аяқтап, әр гектар алқаптан 20-22 центнерден дән бастырып, оны қырманға, элеваторға, қамбаларға құйып алған мезгілде бардық. Қожалық жетекшісі Сайдхасан Ахаевтың айтуына қарағанда механизаторлар бұл кезде 4500 гектар жерге күздік бидай тұқымын сеуіп болып 1500 гектарға сүдігер жыртып, пар дайындауға кіріссе керек. Диқаншы-механизаторлар Иван мен Алексей Дочкин және Егор Кудряшов агрегаттарын аңыздан жаңа ғана шығарып, тазалап жатыр екен. Оларға жұмысшылар Нұрман Маханов, Адын Хакимов пен Иса Межидовтар көмектесіп жүр. Соған қарап келер жыл өнімінің негізі де қаланып бітті деп айтуға болады. Бірақ, диірмен мен элеватордың, макорон цехының жұмысы жаңадан басталыпты. Олар биылғы өнімнен түскен астықты элеваторға жіберіп кептіріп, диірменге тартып ұн шығаруда. Ал, макарон цехының жұмысшы – операторлары Владимир Вальдшмид, Анатолий Торопов және Алексей Логутенколардың жұмысы күннен күнге көбейе түсуде. Қазірдің өзінде жаңа астықтан 250 тонна жоғары сортты, 200 тонна бірінші сортты ұн тартылып, тұтынушыға жөнелтілуге даяр тұр. Бұған қоса 250 тонна макарон қайта өңдеуден өтіп, қоймаға жиналып қойылыпты. 120 тонна ұрпаққа да сұраныс бар. Жалпы ұн да макарон да: «Қазақстанда шығарылған» деген белгімен Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанға жіберіледі.
– Мен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын теледидар арқылы көріп, зейін қоя тыңдадым. Ол кісі агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек дейді. Ол үшін еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге дейін көбейту керектігін алға тартады. Осының барлығы көкейге қонады. Мен осы бизнесті жиырма жылдан бері қолға алып келемін. Менімше өңдеу секторы мен шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы Елбасының идеясы өте дұрыс. Осы мақсатқа Үкімет алдағы жылы қыруар қаржы бөлгелі отыр. Бұл да ауылдағы шаруаны қолдаудың ең ықпалды жолы дер едім. Ал, өз тарапымнан айтарым, өнімді экспортқа шығару үшін оны мемлекеттік стандарт дәрежесіне жеткізу керек қой деп ойлаймын,-дейді С. Ахаев.
Иә, өзі егіп, өзі өңдеп, оны экспортқа шығарып отырған Сайдхасан Ахаев сияқты кәсіпкерлеріміз көбейсе нұр үстіне нұр дер едік.
«Ақтоған» шаруа қожалығы.
СУРЕТТЕ: макарон шығаратын цехта.