Жылыту маусымына жан-жақты дайындық керек
Үй жылытып, ас дайындау, тіпті техника мен ғылымның дамуы бәрі отпен байланысты. Бірақ отты дұрыс қолданбасаңыз, оның жалыны жолдағыны жалмауы мүмкін. Жыл сайын аудан аумағында 40-50 өрт оқиғасы тіркеледі. Өрттердің басым көпшілігі адамдардың салғырттығынан шығып отыр. Осы өрттердің 70 пайызы тұрғын үйлерде орын алған. Күн суытып, жылыту кезеңі басталысымен пеш және құбырдың ақауы мен оны қолданудағы абайсыздықтан шыққан өрт саны күрт өседі. Осы орайда тұрғындар мына жайттарды назарға алса дейміз.
– Пешті басқа да жылыту құралдары мен жүйелерін жылыту кезеңі алдында тексеріп, кездескен ақауларын жою;
– Түтін шығатын құбырларды және пештерді от жағардан бұрын және от жағу мерзімі аяқталғанға дейін үш айда бір рет тазалап отыру;
– Төбедегі түтін өтетін арналары мен барлық түтін мұржаларын және қабырғаларды әктеп, өңдеу;
– Пештің от жағар қақпағының жанындағы еденге өлшемі 50х70 см болатын металл қаңылтыр орнату;
– Түтін өтетін арналары, мұржалары және қабырғаларының сылақтары бұзылған жағдайда тез арада қалпына келтіру шараларын қарастыру;
– Қатты отынмен жанатын пештердің түтін өтетін мұржаларын ұшқын сөндіретін құралдармен жабдықтау.
Тыйым салынады:
– Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларды пешті қаратуға;
– Отынды, басқа да жанғыш заттарды және материалдарды пештің алдында қалдыруға;
– Пешті жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез жанатын сұйықтықтарды қолдануға;
– Пештерді тағайындалмаған отынның мына түрлерімен көмірмен, кокспен және газбен жағуға;
– Пешті қатты қыздырып жағуға тыйым салынады.
Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарлап, өртті сөндіруге және адамдар мен бағалы заттарды қауіпсіз жерге көшіруге шаралар қолдану қажет.
Естеріңізде болсын! От салғырттықты кешірмейді. Сенімді пеш және оны дұрыс қолдану – Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілдігі!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.