Заңның талабы – жалпыға ортақ

137 Views

Қазан айының 9-ы мен 16-сы аралығында аудан аумағында қоқыстарды басқару ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу және анықтау бойынша акция өткізілуде. Осы негізде Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі белгіленбеген орындардағы қоқыстар мен рұқсат етілмеген қо­қыс тастайтын орындарды анықтау бо­йын­ша іс-шаралар ұйымдастыруда.
Әкімшілік заңнаманы тек ұйымдар ғана емес, сонымен қатар үйлеріне немесе пәтерлеріне жөн­деу жұмыстарын жүргізіп жатқан аза­ма­т­тар да бұзады.
Осы жылдың басы­нан бастап Т.Рысқұлов аудандық поли­ция бөлімінің жергілікті полиция қыз­меті бөлімшесінің қызметкерлерімен бел­гіленбеген орынға қоқыс төккендері үшін 15-ке жуық жүргізушіні ұстап, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы «Абаттандыру қағи­даларын бұзу» бойынша 500 мың тең­геге жуық сомаға айыппұл түріндегі әкім­шілік жауаптылыққа тартылды.
Қоқыс төгуге арналмаған басқа да орындарға қоқыс төгу фактілері анық­талған жағдайда аталған құқық бұзушылыққа жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес шара қолданылады.
«Қалалар мен елдi мекендердiң ау­мақ­тарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ, қалалар мен елді мекен­дер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жа­сыл екпелерін жою және бүлдіру – ескерту жасауға немесе жеке тұл­ғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъек­тілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъек­тілеріне 100 ай­лық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айып­пұл салынады».
Егер аталған құқық бұзушылықтар әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанып жасалса, онда жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, қоғамдық орын­дарды ластау бойынша 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынып, жауап­кершілікке тартылатынын еске салады.

Тұрар Рысқұлов аудандық полиция
бөлімі.

Поделиться ссылкой: