Тұмау –жедел басталатын індет.
Тұмаумен барлық жастағы адамдар ауырады. Тұмау науқас сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауа арқылы жан-жаққа тарайды, науқаспен сүйіскенде, қол алысқанда, науқас пайдаланатын заттарды (бет орамал,сүлгі, ыдыс-аяқ, және т.б) ұстап, пайдаланғанда жұқтырып алуы мүмкін.
Аурудың алғашқы белгілері: Мазасыздану,дене ыстығының көтерілуі, дірілдеп-қалшылдау, бас ауру, мұрынның бітеліп, жөтелдің пайда болуы, дененің ауырлап, сүйек-буынның қақсауы, бұлшық еттерінің сырқырауы, әлсіреу.
Тұмауды уақытысында , дұрыс емдемесе соңында түрлі асқынулар пайда болады, себебі тұмау, адам ағзасының әлсізденіп, ауруларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Әсіресе балаларға үлкен қауіп төнеді- ерте жастағы балаларда өкпе қабынуының болуы әбден мүмкін. Жүкті әйелдер,қарттар және тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары, жүрек-қантамыр аурулары бар адамдар мен қант диабеті, иммунитет жетіспеушілігі бар адамдар үшін ауру жайсыз аяқталуы мүмкін.
Тұмаудан қорғану үшін не істеу керек?
—Жөтелгенде,түшкіргенде міндетті түрде ауыз бен мұрынды қол орамалмен жабу керек немесе қол орамал болмағанда шынтақ бүгісіне түшкіру қажет;
— қоғамдық орыннан кейін қолды сабындап жуу қажет;
-Иммунитетті күшейту үшін «С» дәрумені бар көкөніс, жеміс-жидектерді тағамға пайдалану,шайға таңкурай тосабын,лимонды қосып ішіп, тамаққа сарымсақ,пияз қосып жеу ұсынылады;
-Денені шынықтырып, спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеп, иммунитетті күшейту;
— Дененің, әсіресе аяқтың салқындауына жол бермеңіз. Аяқты әрдайым құрғақ, жылы ұстаңыз;
— Науқасы бар үйге кішкентай балаларды апармаған жөн және өзіңіз барғанда науқастың бөлмесіне бетпердемен кірген жөн;
-Бөлменің тазалығын сақтап, күнде жуып,желдетіп тұрған жөн;
Тұмаудың алдын алуының арнайы жолы- вакцинация.
—Тұмауға қарсы екпені жыл сайын тұмау маусымының алдында –қыркүйек-қараша айларында алу қажет.
Тұмау –иммунитеті төмен жүкті әйелдерде аурулардың түрлі, асқынушылықтарына душар етуі мүмкін екенін есте сақтаңыз (бронхит, пневмания, мерзіміне жетпей босану).
Тек дәрігер ғана Сізге жеке тексеру барысында ем тағайындай алады!
Өз бетіңізше емделумен айналыспаңыз, ол Сіздің денсаулығыныз үшін қауіпті.
Өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығын сақтаңыз!
Н.О.Муликова Жамбыл облысы
санитариялық –эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары.