Әуесбай Бақбергенұлы Тараз қаласының құрметті азаматы атанды

416 Views

25-қазан Республика күніне орай Тараз қалалық мәслихат шешімімен ардагер ұстаз, өнер қайраткері Әуесбай Бақбергенұлы Тоқпанбетовке «Тараз қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Өнердегі дос ағамыз, әріптесіміз Әукеңді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймын.

Әуесбай Бақбергенұлы 1951 жылы Жамбыл облысы, бұрынғы Луговой ауданы, Бірлес (қазіргі Сәлімбай) ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Ән-күй пәнінің оқытушысы» маман­дығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы №5 Жамбыл атындағы мектепте «ән-күй» пәні мұғалімі ретінде бастаған. 40 жылға жуық Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары коллед­жінде (бұрынғы педагогикалық учи­лище) оқытушы, кафедра меңгерушісі, өнер ұжымдарының жетекшісі бо­лып абыройлы қызмет етті. 1978 жылы Жамбыл облыстық «Алатау» ән-би ансамблінің бишілер тобына сүйе­мел­деуші баянист болып қосымша жұмыс­қа шақырылды. Өнер саласының бі­лікті маманы қалалық, облыстық, респуб­ли­калық деңгейдегі жүздеген мәдени іс-шараның белсенді қатысушысы, әрі ұйым­дастырушысы.
Жамбыл облысы Красногор аудан­дық мәдениет бөлімі меңгерушісі, Лу­говой аудандық мәдениет үйінің ди­ректоры болып та еңбегі жанды. 1984 жылы Красногор ауданында халық ақыны, әнші, сазгер Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығын республика ауқымында ұйым­дастырушылардың бірі. 100 жыл­дық мерейтой қарсаңында 1982 жылы Кенен ауылы өнерпаздарының басын қо­сып, «Ойжайлау» фольклорлық ан­сам­блін құрып, өзі соған жетекшілік етті. 1984 жылы ансамбль ұжымы Ал­ма­тыда қазақ телевизиясында 45 минут­тық жеке концерт беріп, Мәскеуде өткен бүкіл­одақтық көркемөнерпаздар бай­қауында лауреат атанды.
Жастарға оқытудың жаңа тех­ноло­гия­сының әдіс-тәсілімен білім бер­ген ұстаз сапалы еңбегімен, дәріс беру­дегі із­денімпаздығымен, ерекше еңбек­қорлы­ғымен мәдениет және педагогика сала­сына зор үлес қосты. Білімгерлердің озық шығармашылық бастамасын жан-жақты қолдаумен қатар, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға мол бағыт-бағдар берді. Әдістемелік жұмыстың бір қыры – ұстаздың өз шәкірттерімен бірге әр жылы шығармашылық концерт беруді дәс­түрге айналдырды.
Жамбыл облысында «Тәуелсіз елдің ұла­­ғатты ұстаздары» фестивалінің, «Жү­рекке жылы әуендер» ретро әуендер бай­қауын тұрақты ұйымдастырып, шәкірт­терімен бірлесе өнер көрсетті. «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйіндегі «Ризашылық», «Қамқоршы түн» аталған түрлі іс-шарада жыл сайын бі­лім алушы жастармен бірге кон­церт­тік бағдарлама ұсынды. Облыс ауқы­мында «Наурыз» мейрамдары, «Сағын­дырған әндер-ай», «Сағындым Ке­нен атамды», «Қазақ музыкасының ше­жіресі» байқауларын ұйымдастырып, бел­сене өнер көрсетті. Абай атындағы гума­нитарлық колледжде «Балауса» қыз­дар вокалды ансамблі, «Серілер» жігіт­­тер квартетінің негізін қалап, же­тек­шілік етті.
Әуесбай Бақбергенұлы оқыту­шы­лар­дың ғылыми-практикалық конферен­ция­ларында «Қабылдауды дамытудың негізі – музыка мәдениетіне тәрбиелеу», «Жас сырнайшыны алғашқы сүйе­мел­­­деу дағдысына оқытудың әдіс­те­месі», «Алғашқы сүйемелдеуге үй­ре­­ту», «Дина Нұр­пейісованың шығар­­­машылығы мен өнерін музыка сабақ­­тарына пайдалану», «Затаевич: «Қа­зақ халқының 1000 әні» ғылыми конференцияларын ұйым­­­­дастырып, талай рет ғылыми баян­­­­дама жасады. Тәжірибелі педа­гог­­тың жетекшілігімен «Қазақ хал­қы­ның аспаптық музыкасының жас­тарға беретін ұлттық тәрбиелік мә­ні» әдістемелік нұсқауы, «Мектеп бала­ла­рын шығармашылық өнерге баулу» әдістемелік құралы жазылды.
Ұлағатты ұстаз музыкалық білім беру саласында педагогикалық мектеп қалыптастырып, есімі қала, облыс, республика көлемінде танымал шәкірт шоғырын тәрбиеледі. Олардың арасында Тараздағы Тұрар Рысқұлов мектебі директоры, білікті педагог маман Бақыт Сапаралиева, Тараз инновациялық-гуманитарлық институты проректоры Гүлшат Қамбарбекқызы, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауының дипломанттары Светлана Байқұлақова, Назкен Қошқарбаева, «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауының дипло­манты, Мальта мемлекетіндегі халық­аралық ән фестивалі лауреаты, эстрада әншісі Тахмина Әшімбекова, Кенен Әзірбаев атындағы филармония директорының орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров және тағы басқа шәкірттерінің шоқтығы биік.
Ел азаматының өнер және педа­го­гика саласындағы ерен еңбегі сан мәр­те еленіп, қалалық, облыстық бай­қаулардың лауреаты атанды. ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2017 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» (2010 ж.), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2017 ж.), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» (2018 ж.), ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» (2022 ж.) төсбелгілерімен марапатталды. 2018 жылдан Қазақстан педагогикалық ғы­лымдар академиясының мүшесі. Әуесбай Бақбергенұлының есімі 2020 жылы шыққан «Білімнің жаққан шырағын» атты Жамбыл облысының педагогтары антологиясына енген.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: