Тілі жоғалған ұлттың сөзі де жоғалады

236 Views

Тілдің тұғыры халық болса, халықтың рухани басты байлығы – тілі. Бабаларымыз осы қасиетті, киелі қазынамызды қастерлеп, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізген.

Халықтың ұлттық ерекшелігінің басты белгісі тілі, ділі, діні болса керек. Сондықтан тілдің жай-күйі қай заманда да ұлт көсемдерін алаңдатып отырған. Қазақ халқы небір нәубетті, зұлматты жылдарды, замандарды бастан кешірді. Тарихқа көз жүгірткен адам сол сұрапыл жылдардан аман өткен халықтың қайсарлығына бас иері сөзсіз. Аман өтіп қана қоймай, қаншама ұлттық құндылықтарын қаз-қалпында сақтап, мұртын бұзбай, қылау түсірмей қадірледі. Халқымыздың осындай қастерлілерінің бірі – Ана тіліміз. Жер бетінен қаншама ұлт, тіл жойылып кетті. Кейбір ұлттардың жұрнағы қалғанымен, тілі жоғалды. Ал тілін жоғалтқан халық жеке ұлт ретінде сақталып қала алмайды. Сондықтан өз тілімізді құрметтеп, ана тілімізде сөйлеуіміз керек. Ол біздің – парызымыз. Ең бастысы, соны ұмытпайық.

А.ҚошҚарбаева,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы.

Поделиться ссылкой: