Әдеп кодексі – әдептіліктің негізі

178 Views

Ұлт жоспары «100 нақты қадам» – құжат алғашқы 15-і мемлекеттік аппа­ратты кәсібилендіруден басталады. Осыған орай, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгі­зіліп, қабылданған мемлекеттік қыз­метшілердің әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және сыбайлас жемқорлық құбылыстар туын­дататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарас­ты­рылған. Жүйедегі өзгерістер сы­бай­­лас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырып, мемлекеттік менедж­менттің, халықтың алдындағы абырой-беделін көтеріп, оның сапалы моделін жасауға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшінің жаңа прин­циптері тиімділік, нәтижелік, ашық­­тық, меритократия, этика талап­та­рын сақтау, құқықбұзушылыққа төз­­­­­беушілік сияқты бірқатар ізгі­лік­­­­ті құзыреттермен толық­ты­рыл­­­­­­ған. Сондықтан олардың бо­йын­­­­­да коммуникативтілік, ұйым­дас­ты­­ру­­шылық, ұжыммен бірлесе жұмыс жа­­сай білу, мақсатты дұрыс анықтап, ал­­дағыны болжау сияқты стратегиялық әрі логикалық қасиеттер табылуы қа­жет. Осының ішінде, әсіресе, әдеп мәсе­лесінің маңызы зор.
Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексін ұстануы міндетті. Оның ішінде қызметкердің сыпайы, адал, са­бырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзін іскерлік стильге сай ресми түрде ұстауы мін­деттелген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әділ де заңды шешімдер қабылдауы, жалған ақпараттар таратпауы, сын айтқаны үшін біреуді қудаламауы және мемлекет меншігін тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметші жем­қорлық фактісіне қатысты, тіпті, есімі­нің аталуына жол бермеуі, қол астындағыларды кемсітпеуі және қызметкерлердің барлығына құрметпен қарауы тиіс.
Мемлекеттік қызмет – бұл бар­лық мемлекеттік басқаруды ұйым­дастыруда жетекші рөлге ие, ең маңызды тетіктердің бірі. Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлуінің себебі, оның іскерлігін ғана емес, айналасындағыларға деген құрметі мен ізетін де жетілдіру. Се­бебі, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігіне және жүріс- тұрысына қарай қазіргі қоғамда халықтың атқарушы билік жайлы көзқарасы мен оған деген сенімі қалыптасатыны да белгілі.

М.Маратбек,
мемлекеттік сот орындаушы.

Поделиться ссылкой: