“Ешкімге айтпаған сырларым”

105 Views

«Алматы-Болашақ» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Э.Иманалиев атындағы әдеби сыйлық лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Үміт Битенованың «Ешкімге айтпаған сыр­ларым» атты жаңа жыр жинағы басылып шықты.
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы бойынша жарық көрген ақынның бұл кітабына әр жылдары дүниеге келген поэзиялық шығармалары топтастырылған.
Пәкиза тазалық, сыршылдық, ойлылық араласа өріліп жататын шығармаларымен адамдарға ағынан жарылып сыр айту, тосын тың теңеулер арқылы сәтті шешім қабылдау Үміт жырларының басты ерекшелігі.
Әлеуметтiк әуенге бейiм, өлең тiлiн құрайтын сыршыл нәзiк сезiмiн оқиғалы жырларына дарыта бiлетін ақын барша адам баласы байыпты ойға бармайынша, адамзаттың көсегесi көгермейтiнiне көңiлдi ұйытып, көздi жеткiзедi.
Оқырман қауымға арналған жыр кітабы көпшіліктің жүрек төрінен орын аларына сенім білдіре отырып, ақын Үміт Битенованы кезекті бір шығармашылық жетістігімен құттық­таймыз!
Ақынның ешкімге айтпаған сыр­ларымен танысуға асығыңыз, құрметті кітапсүйер қауым!

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: