құлаққағыс

144 Views

Қараша айының 6-сы мен 10-ы және 13-і мен 17-сі аралығында «Тоқта­ңыз! Басып кету қаупі бар!» деген тақырыпта ау­дан аумағында акция өткізілуде. Акцияның мақ­саты – Түрксіб стан­ция­сындағы желілік поли­ция бөлімшесінің қызмет­керлері қыз­мет ат­қару аумағында, яғни темір­жол вокзалында жолау­шы­ларға, жасөспі­рімдерге теміржол аса қауіпті аймақ екенін ескерту. Сондай-ақ, жасөспірімдердің теміржол аймағында дене жарақаттарын алып қалмауы және ата-аналарға теміржол вокзалында балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қазан айының 20-сы мен қараша айының 19-ы аралығында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында «БРАКОНЬЕР» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара мақсаты – вокзалда, жолаушылар пойыздарында су аңдарын заңсыз аулау тасымалдау деректерін анықтап, құқықбұзушылықтың салдарына бөгет жасау. Сондай-ақ, экологиялық қылмыстарды ашуға, азаматтардың аңшылық атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, суық қаруды сақтауына, алып жүруіне, аң, балық аулау, ағаш кесу, табиғатты пайдаланудың басқа да түрлерін дайындау құқығына, сондай-ақ, биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерін тасымалдауға, заңсыз алынған биоресурстар объектілері мен өнімдерін сатып алу, өткізу, сатудың алдын алып бақылауды күшейту болып табылады.

Ераслан Есенғали,
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты.

Поделиться ссылкой: