Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Білімді жастың білігін арттыруға керегі – тәжірибе. Осы тұрғысында мемлекет жас түлектердің танымын кеңейтуге бағытталған кезекті бағдарламаны іске асырғанына 10 жылға жуық уақыт болды. Соның бірі «Еңбек» бағдарламасы аясында жастарға қолдау танытудың тың тәсілі атанған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы. Алдымен «Аталмыш жобаның берері не және жастар үшін қаншалықты тиімді?» деген сұраққа тоқталайық. Бұл белгілі бір мамандықты игеріп, қолына жолдама қағаз, яғни дипломын алған жастардың нарық заманында жұмыс таппай, тауын шағып, сағын сындырмай, бетін қайтармайтын мемлекеттік бағдарлама. «Жастар тәжірибесі» оқу аяқталғаннан кейін бес жыл мерзім ішінде меңгерген мамандығы бойынша (техникалық және кәсіптік, орта білім мен жоғары оқу орнынан кейінгі) түлектерге арналған. Яғни, отыз бес жасқа толмаған жұмыссыздар қатысады. Егер жас түлек бір жыл тәжірибеден өткен кәсіпорын-ұйымның көңілінен шықса, тұрақты жұмысқа қабылдауға хақылы. Бірегей мүмкіндікті жастар қалт жібермеуге тырысады. Өйткені, бұл – тұрақты жұмыспен қамтылуына жасалған алғашқы қадам. Бұған жас мамандар ғана емес мемлекет те мүдделі.
Т.Рысқұлов аудандық «Мансап» орталығы «Жастар тәжірибесі» және де «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жыл басынан бастап, жоғары немесе арнаулы орта білімдерімен әр түрлі мамандықтармен жастарды мекемелерге, шаруа қожалықтарына және жеке кәсіпкерлерге жұмысқа жолдап жатыр. Биыл «Жастар тәжірибесі» арқылы 200, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 48 азамат жоспарланып, жоспар толығымен орындалды. Яғни, «Жастар тәжірибесімен» 200, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 48 азамат жұмысқа жолданды. «Мансап» орталығының жолдамасымен «Жастар тәжірибесі» бойынша 12 ай, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 18 ай мерзімге жұмысқа қабылданып, өздерін білікті маман ретінде көрсетіп, мерзімі аяқталғаннан кейін аталған мекемелерге аудандық орталық ауруханасына, «Жомарт Дента» ЖШС-не, мектептерге тұрақты жұмыспен қамтылғандар да бар.
Қазір қолында дипломы бар, бірақ мамандығына сай қызмет таппай жүргендер қаншама? Аталмыш жоба екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастарға зор мүмкіндік сыйлайды. «Жастар тәжірибесін» уақытша еңбек ету алаңы десек те, жас маманның қызметіне машықтануына мүмкіндік мол. Олай болса, кез келген жасқа ел үшін еңбек етіп, жарқын жетістікке жетуге әбден болады.
Эльмира Қаймасарова,
«Мансап» орталығының маманы.