Тәжірибемен алмасу – кәсіби қажеттілік
Жақында Т.Рысқұлов аудандық білім бөліміне қарасты «Өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мектеп олимпиадалары және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың жоспарына сәйкес, Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің базасында «Қосымша білім беру мекемелеріндегі көркем-эстетикалық бағыттың құндылықтарын қалыптастыру моделі және оны жетілдірудің инновациялық жолдары» деген тақырыпта облыстық семинар өткізді.
Облыстық семинарға мектеп олимпиадалары және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың әдістемелік бөлім меңгерушісі Айсұлу Темірғалиева, мектеп олимпиадалары және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың әдіскері Жібек Қасымова, мектеп олимпиадалары және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың балалар шығармашылық және спорт бөлімінің меңгерушісі Ольга Сагандыкова, аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова және Өнер мектебінің директоры Бақытжан Утебаев, сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша көркем-эстетикалық бағытының қосымша білім беру педагогтері, яғни барлығы 60-қа жуық педагог қатысып, өзара пікір алмасты.
Практикалық бөлімде семинарға қатысушы қосымша білім беру педагогтері «Бейнелеу өнері» және «Сәндік – қолданбалы өнер» секцияларына бөлініп, шеберлік сыныптар мен ашық сабақтарға белсене қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында іс-тәжірибесімен бөліскен бірқатар педагогтер арнайы алғыс хаттар мен сертификаттармен марапатталды.
Назгүл Самылтырова,
Өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.