Жүйелі жоспар жетістікке жетелейді

204 Views

Еліміздің түрлі бағыттардағы табыстарға жету мүмкіндігі адами капиталдың сапасына тіке­лей байланысты. Сондықтан Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамы­­туға айрықша көңіл бөлініп келеді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында аталған салаларды нығайтуға бағытталған биік мақ­сат­тарды айқындап берді.
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдар­ламасын іске асыру аясында ҚР Үкіме­тінің білім және денсаулық сақтау сала­ла­рын дамыту бойынша бір жыл ішінде атқар­ған жұмысы туралы Primeminister.kz топта­ма­сынан оқыңыз.
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы көлемі: бака­лавриат студенттеріне – 20%-ға, магистратура мен докторантурада оқитындарға – 15%-ға, ТжКБ студенттеріне – 50%-ға артты.
Жалпы, 2025 жылға қарай студенттер шәкірт­ақысының мөлшері 2020 жылғы дең­гей­ден кезең-кезеңмен 2 есеге өседі.
ЖОО-лар мен колледждердің жатақ­хана­ларында орын тапшылығы бір жыл ішінде 3 есеге жуық, 2022 жылғы 62,8 мың төсек-орын­нан биылғы қазан айын­да 23,9 мыңға дейін қысқарды.
2023 жылы 10,9 мың орындық 44 жатақ­хана­ны іске қосу жоспарланған, оның ішін­де 25 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 19 жатақхананы пайда­ла­ну­ға беру жоспарланып отыр.
1 қыркүйектен бастап республикадағы барлық 1-4 сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. 1,4 млн. бала қам­тылды. Жергілікті бюджеттен 25 млрд. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының 5-11 сыныптарда оқитын 200 мың­нан астам оқушысы тамақтанады. Соны­мен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйым­да­рында аталған санаттағы 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді.
Азаматтардың жоғары білімге қол жет­кізуін қамтамасыз етудің қосымша тетігі бола­тын «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін әзір­леу басталды.
Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп киім­дері мен кеңсе тауарларын өз бетінше сатып алу үшін әр балаға кемінде 40 мың теңге алды. Барлығы 463 мың бала қамтылып, 19 млрд. теңге бюджет қаражаты жұмсалды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. 2026 жылға дейін 740 мың орын­­дық 369 жаңа форматтағы мектеп салы­нады.
Жалпы, ғылымның 2023-2025 жылдарға арнал­­ған бюджеті алдыңғы үш жылдық кезең­мен салыстырғанда 3,3 есеге өсіп, 643 млрд. тең­­гені құрады.
Ауыл тұрғындарына медициналық кө­мек көрсету деңгейін арттыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пи­лоттық ұлттық жобасы бекітілді.
Бүгінгі таңда жоба шеңберінде 13 алғаш­қы медициналық-санитариялық көмек объек­тісінің құрылысы аяқталды. Тағы 86 объек­­тінің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бө­лек, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 4 көпсалалы орта­лық аудандық ауруханаларда күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілуде.

Primeminister.kz

Поделиться ссылкой: