Жаңартылған зейнетақы жүйесі түсіндірілді

828 Views

Жаңартылған зейнетақы жүйесі түсіндірілді

 Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында жаңартылған зейнетақы жүйесінің жай-жапсары сөз болып, облыстан арнайы келген сала мамандары зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп берді.

Мінбеде алғаш болып сөйлеген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалы барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ақмоншақ Байғанова ауданға келу себебін айтып, зейнетақы шоты мен жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдеріне қысқаша тоқталды. Одан соң аталмыш бөлімнің бас маманы Медет Үкібаев сөз алып, зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерді, қордың жұмысы және көрсететін қызмет түрлерімен таныстырды. Бас маманның

 айтуынша, енді ұялы телефоны интернет желісіне қосылған әрбір азамат өзінің жинақтаған қорына бақылау жүргізе алады екен. Ол үшін телефоныңызға «БЖЗҚ»-ның арнайы қосымшасын жүктеп алсаңыз болды. Сонымен қатар, enpf. kz сайтынан жеке кабинет ашып, тіркелу арқылы бақылау қызметін жүргізе алатындығын да жеткізді.

Одан бөлек жиында зейнетақы қорының мұрагерлік жолмен берілуі, базалық зейнетақының қалай тағайындалатыны, жарналардың дер кезінде аударылуы, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алудың жүзеге асырылу барысы секілді маңызды жайттар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

 Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: