Шоқ тілді Шона
33 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Дәл осындай тақырыппен облыс аумағын аралап жүрген этнографиялық экспедиция тобы кеше киелі Құлан жеріне келді. Облыс әкімдігі «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Альбина Тапаева бастап келген экспедиция мүшелеріне ауданымыздағы қазақ, орыс, өзбек және қарашай этномәдени бірлестік өкілдері концерттік бағдарламаларын ұсынды. Аудандық мәдениет үйінде өткен шара шымылдығын зейнеткер, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов сөз сөйлеп, ашып берді.
– Қазақстан – 130-ға жуық ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп отырған біртұтас ел. Татулығы қыр асқан осынау бейбіт тұрмысымызға әлем жұртшылығы қызыға қарайды. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы деп білемін. Ал бүгінгі этнографиялық экспедиция төңірегінде айтар болсақ, мұндағы біздің мақсатымыз -аймақтағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысып, олардың еңбегін лайықты деңгейде бағалау, -дейді Альбина Маратқызы бізге берген сұхбатында.
Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.