Алкогольдік өнімдерді тіркеусіз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

145 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу).
Сот отырысында анықталғандай, 03.11.2023 жылы Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылында Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен тіркеу есебіне қою мәселесі бойынша тақырыптық тексеріс жүргізілген. Тексеріс кезінде әкімшілік жазаға тартылушы мемлекеттік кірістер органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, сауда-саттықпен алкогольдік өнімдерді сатумен айналысқаны анықталды.
Сот мәжілісінде құқықбұзушы М. құқық­бұзу­шылықты жасаған кінәсін толық мойындап, жасағанына өкінетінін айтып, соттан қатаң жазаламауды сұрады.
Соттың қаулысы бойынша әкімшілік жазаға тартылушы ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 51 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, іс бойынша алынған алкогольдік өнімдер тәркіленді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: