Бұл бастаманың әлеуеті зор

119 Views

Би – қазақ қоғамындағы ерекше тұлға. Қазақта «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз бар. Демек, туыс-туғанына, тамыр-танысына тартып, істің ақ-қарасын дұрыс айырмаған биді қазақ ежелден имансыздар қатарына жатқызған.
Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді.
Қазіргі уақытта сот дауды сотқа дейінгі тергеу арқылы шешу жолымен шектелмейді. Сонымен бірге отбасылық қатынастарды сауықтыру, жалпы отбасын сақтап қалу және дау-жанжалдан арылмай жүрген ерлі-зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолданады.
Т.Рысқұлов аудан әкімінің 15.03.2021 жылы №76 қаулысымен «Отбасы мәселелері бойынша» жұмыс тобы құрылған.
Бұл жұмыс тобында әртүрлі маман иелері бар. Білім беруші, кәсіби, кәсіби емес медиаторлар, имам, психологтар бар. Жұмыс тобының мақсаты – азаматтармен етене жұмыс істеу. Ажырасудың алдын алу да осы топтың негізгі мақсатына жатады.
Билер кеңесінің басты мақсаты – халық арасындағы ұсақ-түйек дауларды сотқа жеткізбей-ақ ауыл ақсақалдарының, яғни билердің араласуымен, кеңесімен шешу болып табылады. Бұл игі бастама азаматтар үшін де, сот органдары үшін де тиімді. Жалпы ел ішіндегі дауласушылық деңгейін азайтуға ықпал етеді.

Л.Байтленова,
аудандық соттың судьясы.

Поделиться ссылкой: