Мэлстің музасы

220 Views

Жақында Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйым­дастыруымен «Мэлстің музасы» деген тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті. Шара Мэлс Өзбековтың 85 жылдығына арналып, оған зиялы қауым өкілдерімен композитордың жерлестері қатысты. Кешті композитор Дүйсенәлі Бықыбаев жүргізіп, алдымен 2020 жылы жарық көрген «Мэлстің музасы» кітабының тұсаукесері жасалды. Ол рәсім — облыстық ардагерлер Кеңесінің төр­аға­сы Еркінбек Солтыбаев, ақын Шырын Мамасерікова мен «Жаңару» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Қа­сымхан Төлендиевке ұсынылды.
Кеш барысында көпшілік жүректі жы­лытар естеліктер айтып, облыстық филармонияның әншілері Мэлс аға­ның әндерін орындады. Сондай-ақ, әнші Досымжан Таңатаров пен Мәде­ниет қайраткері Гүлнұр Өмірбаева бейне­құттықтау жолдады.
Шара соңында М.Өзбековтың жер­лестері Еркінбек Солтыбаевтың, Т.Рысқұлов ауданында әкім болып тұр­ғанында М. Өзбековтің есімін ел есінде ұзақ сақталуына көп көмек көрсеткен Қасымхан Төлендиевтің, «Мэлстің музасы» кітабын құрас­ты­рушы осы жолдың авторының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, Дүйсенәлі Бықыбаев дастархан жайып, құран оқытып, қонақтарға алғысын айтты.

Ерман Әбдиев.

Поделиться ссылкой: