Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің

152 Views

Қазіргі таңда елге болысып, жақ­сы­­лық жасап жүрген көптеген қайы­рымдылық қорлар бар. Сондай мақ­сатта құрылып, тұрмыс жағдайына бай­ланысты аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу – «Аққойлы» қоғам­дық қайырымдылық қорының да басты миссиясы. Аталмыш қайырымдылық қоры 2021 жылдың 21 желтоқсанында құрылған болатын. Қор төрағасы – Ғалымжан Әбдірайымов.
Құрылған сәтінен бастап, бұл қайы­рымдылық қордың мүшелері көпбалалы әрі тұрмысы төмен отбасыларына көмек қолын созып келеді. Биыл да сол дәстүрден жаңылмай, Жаңа жыл қарсаңында «Аққойлы» қоғам­дық қайырымдылық қоры 7 жанұяға 50 мыңға азық-түлік өнімдерін сатып алып беріп, үлестірді. Қайырымдылық шарасы Абай, Құлан, Ақбұлақ, Көкдөнен және Луговой ауылдық округтерін қамтыды. Қайырымдылық шарасына белсене атсалысқан Бейсенбай Таңбаев, Бексұлтан Боқаев, Бекен Орманбеков, Тұрсынбек Досаев, Есенғали Құралбаев, Есет Нұрахаев, Омар Нұрмашев, Шарафаддин Толы­баев, Сауытбек Иманбаев және Әнуар­бек Тұрманбетовтердің есімдерін айрықша атап өтсек болады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: