Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қазіргі таңда педагогтер үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға тез бейімделіп, білім беру саласындағы барлық жаңалықтардан хабардар болуы керек. Тәрбие мен оқытудың өзекті әдістері мен құралдарын дұрыс меңгеріп, ең бастысы – оқушылардың назарын өзіне аудара білуі тиіс. Мұның бәрі мұғалімнен үнемі кәсіби ізденіс пен өзін-өзі дамытуды талап етеді.
Ағымдағы жылдың 10-12 қаңтар күндері аралығында Алматы қаласында педагогтердің шығармашылығын және кәсіби өсуін ынталандыру, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсында облыстың 5 педагогі жеңімпаз атанса, оның біреуі – аудандық білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметбекова Назгүл Асқарбекқызы.
Фестивальға директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысып, өздерінің педагогикалық жобаларын қорғады.
Мұғалімнің жеке басының ажырамас компоненті – шығармашылық. Шығармашыл мұғалім – шеберлік деңгейі жоғары, кәсіби зерттеуші, пәндік және психологиялық-педагогикалық кәсіби қасиеттерге ие, оқушыға өзін-өзі жүзеге асырудың жолын көрсете отырып, болашақта тәуелсіз, шығармашыл және өзіне сенімді адам болуға көмектеседі.
Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген әріптесіміз Назгүл Асқарбекқызының шығармашылық әлеуеті биік, қашан да ізденіс үстінде жүреді. Ол өзінің кәсіби білімін көтеру жолында ғана емес, шәкірт тәрбиелеу жолында, оқушылардың санасына ұлттық тәрбиенің құндылықтарын сіңіруде орасан еңбек етіп жүрген өз мамандығының адал қызметкері Назгүл Ахметбекованы айтулы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.
Гүлмираш Қырықбаева,
аудандық білім бөлімінің
әдістемелік кабинет
меңгерушісі.