Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы 285 ауылдың тұрғындары табиғи газбен қамтылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес, өңірдегі елді мекендерді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
2023 жылы облыстағы 11 ауылға (9 мыңнан аса тұрғын) көгілдір отын тартылып, аймақты газбен қамту көрсеткіші 91,1 пайызға жетті.
Жалпы, өңірімізде былтыр 9,5 млрд. теңгеге 36 елді мекенде газдандыру құрылысы қолға алынған. Оның 25-і ағымдағы жылға өтпелі болған.
Биыл осы 25 ауылдың 11-не (17 мың тұрғыннан аса) құбыр тарту жұмыстары аяқталып, газбен жабдықтау көрсеткішін 92%-ға дейін арттыру көзделуде.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.