Аймақта өткен жылы ауыл шаруашылығы техникалары 13,1 пайызға жаңартылды

198 Views

Жамбыл облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша тапсырмасына сәйкес жүйелі жұмыстар қолға алынған.

Өткен жылы облыс бойынша 1642 техника (8 бірлік комбайн, 380 бірлік трактор, 1254 бірлік басқа да техникалар) сатып алынып, техника паркінің жаңартылу деңгейі 13,1 пайызды құраған.
Ал, ағымдағы жылы жаңару көрсеткішін 13,5 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Жалпы, өткен жылы өңірімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 18,4 млрд. теңгеге 3 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 352 бірлік техника сатып алынды. Оның ішінде жамбылдық диқандар жалпы құны 803 миллион теңгені құрайтын «Ловол», «Зумлион», «Юто» және «МТЗ» маркалы 55 тракторға қол жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда аймақта 13,8 мың дана техника бар. Нақтырақ айтсақ, 4 570 дана трактор, 985 бірлік комбайн және 8281 дана өзге де техникалар.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: