АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНБАҢЫЗ!

163 Views

2023 жылдың қорытындысы бойынша криминогендік жағдай қылмыстардың 5,4%-ға (148-ден 156-ға дейін), ал ағымдағы жылдың 1 айын былтырғы жылдың мағыналас мерзімімен салыстырғанда 36,8% (19-дан 26-ға) өсуімен сипатталады.
Сонымен қатар, оның ішінде 45,5%-дан астамы немесе (67-ден 71-ге) меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзу шылықтары алып отыр. Олардың арасында алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен мүлікті заңсыз иеленумен байланысты алаяқтық кең таралған.
Көптеген адамдар, өздерін алдау оңай емес деп санайды. Алайда, іс жүзінде жәбірленушілердің өздері, мүліктік және материалдық мәселелерін шешу мақсатында, қылмыскерлердің қолына түсетін жағдайлар жиі кездеседі.
Мысалы, аудандық полиция бөліміне 05.09.2023 жылы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны Қ.М. есімді азаматқа белгісіз әйел азаматша ұялы телефонына хабарласып, өзін «HALYK BANK» қызметкері деп таныстырады. Сіздің атыңыздан алаяқтар несие рәсімдеп жатыр соны тоқтату мақсатында қауіпсіздік қызметкерімен қосамын деп ұялы телефонды сөндіріп, артынша оның ұялы телефонына белгісіз ер адам хабарласып, өзін «HALYK BANK» қызметкері деп таныстырып, алаяқтар несие рәсімдеп жатқаны туралы айтады. Ұялы телефонға түскен жасырын кодтарды айтып отырыңыз, сол кезде алаяқтардың алдын аламыз деп сендіріп, өздері оның атынан 3 000 000 теңге несие рәсімдеп алғаны анықталған.
Сотқа дейінгі тергеп – тексеру қорытындысымен аталған қылмыскерлер анықталмай, жәбірленушінің өзі аталған несиені төлеуге мәжбүр болуда.
Сонымен қатар, қылмыскерлер өздерінің қылмыстық мақсаттарына жетудің құралы ретінде интернетті жиі қолданады.
Көп жағдайда, жәбірленушілердің өздері оңай және тез ақша табуға үміттенеді. Өз кезегінде ресми пайыздық мөлшерлемелер алу мақсатында желідегі жарнамаларға ақшаларын аударып, алданатын жағдайларда көптеп орын алуда, ондай заңды ақша табу тек заңды қаржы институттарында болуы мүмкін.
Құрметті аудан тұрғындары! Пайдалы ұсыныстар мен үстеме пайда туралы кез келген ақпаратты тексеріңіздер, күмәнді ұсыныстардан аулақ болыңыздар. Бұл жағдайда сіздердің мүліктеріңіз сақталады.
Бұдан басқа, заңмен көзделген қатаң қылмыстық жауапкершілік және алаяқтық жасағаны үшін жазаның ауыр болатынын ескертеміз.

Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы.

Поделиться ссылкой: