Өлеңі – өмірі
29 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Аудандық сотта талап қоюшы С. жауапкер Е. ортақ ұлы А. үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды. Талап қоюшы С. талап арызында жауапкер өз бетінше материалдық көмек көрсетпегендіктен өзінің пайдасына бала күтімімен отыруына байланысты, баласы 3 жасқа толғанға дейін алимент өндіруді соттан сұраған.
Істі сотта қарау барысында татуластырушы-судьямен және бидің қатысуымен татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары мен салдарын түсіндіру нәтижесінде, тараптар медиативтік келісімге қол жеткізді.
Сотпен медиативтік келісім бекітіліп, оның шарттары бойынша жауапкер Е. талап қоюшы С. пайдасына 2024 жылдың 7 наурызынан бастап, 20 000 теңге мөлшерінде ұлы А. үш жасқа толғанша алимент төлеуге міндеттенді. Өз кезегінде С. қойған талап-арызынан бас тартып, соттан аталған істің өндірісін қысқартуды сұрады.
Аталған дауды реттеу туралы келiсiм сот ұйғарымымен бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
«Құлан таңы» ақпарат.