Биологиялық белсенді қоспалар туралы не білеміз?
Биологиялық белсенді қоспалар қазіргі заманғы медицинаға салыстырмалы түрде айтқанда жақын уақытта енген термин. Биологиялық активті қоспалар адамның немесе жануардың организмінде жүріп жатқан биологиялық процесстерге қатысатын заттар болып табылады. Қазіргі уақытта адамдар әртүрлі дәрумендер ретінде биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) қабылдап жатады. Дегенмен, олардан қалаған нәтижені ала алмай, көңіл толмаушылықтары да кездеседі. Биологиялық қоспаларға мультивитаминдер, минералды кешендер, эхинацея сығындысы, омега 3, хондопротекторлар және иммуномодуляторлар кіреді. Дәріханаларда әртүрлі түрдегі биоқоспаларды дәрілер, капсулалар, ұнтақтар, тұнбалар, бальзамдар, сироптар, гельдер түрінде ұсынады. Табиғи немесе табиғи ұқсас заттарды (ББҚ) аз көлемде ішуге, тамаққа, кремдерге, бальзамдарға және т.б қосуға болады. Биологиялық белсенді қоспалардың құрамына өсімдіктер, шөптер, минералдар, тағамдық талшықтар, ара өнімдері, теңіз өнімдері, балдырлар, пробиотиктер, ашытқылар және басқа да заттар кіруі мүмкін. Бірақ дәріні олармен ауыстыруға, сондай-ақ, ауруды өз бетінше емдеуге болмайды. Егер сіз биологиялық белсенді қоспаларды қабылдасаңыз, онда оның мөлшерін сақтау қажеттігін есте ұстаңыз. Мысалы, бета-каротиннің шамадан тыс мөлшері темекі шегушілерде өкпе обырының даму қаупін арттырады. Ал, кальций мен Д витаминін көп тұтыну бүйректе тас пайда болу қаупін арттырады. Биологиялық белсенді қоспаларды пайдалана отырып, олардың дәрі-дәрмек емес екенін және арнайы сертификаттауды талап етпейтінін біліңіз. Яғни, дәрі-дәрмек сияқты арнайы сынақтан өтпейді, бірақ оларды дәріханалардан сатып алуға болады. Жалпы биологиялық белсенді қоспалар адамды емдейді, олар аурулардың алдын алу құралы болып табылады. Олар адам ағзасына тамақ арқылы алатын пайдалы заттар мен минералдардың жетіспеушілігін өтеуге көмектеседі. Әсіресе, жүйке және дене жүктемелерінің жоғарылауы кезінде, сондай-ақ, адам аурудан кейін қалпына келу барысында өте маңызды. Жарнамаланатын биоқоспаларды қабылдау алдында міндетті түрде емдеуші дәрігеріңізге барып кеңес алыңыз.
Есіңізде болсын! Кейбір қоспалар дәрілік дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттеседі. Бұның ағзаға жағымсыз және қауіпті салдары болуы мүмкін. Ал, дәрі-дәрмектерді дәрігер сізге қабылдауға жазып берсе, онда оған қандай биоқоспаларды қабылдап жүргеніңізді айтуды ұмытпаңыз. Қоспаларды сауатсыз, заңсыз қолдану қайғылы және жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
К.Нурбаева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.